ҚУАНСА – БАЛА ҚУАНСЫН

Уақыты: 18.06.2022
Оқылды: 1153
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ облыс орталығындағы Оқушылар сарайына барды.

Өзін қуана қарсы алған балдырғандармен емен-жарқын әңгіме өрбіткен өңір басшысы жас ұрпақтың білімді, өнерлі болып өсуіне мемлекеттік тұрғыда ерекше маңыз беріліп отырғанын атап өтті.

– Құрметті балалар!Барлық игілікті өздерің сияқты кішкентай бүлдіршіндер көрсе екен дейміз. Еліміз жаңа даму жолына бет алды. Жаңа Қазақстанды өркендететін – өздеріңсіңдер. Оқушылар сарайында көптеген үйірмеге қатысасыңдар. Жетісу жерінің табиғаты көркем, әсем жері көп. Сондықтан біздің жеткіншектер Жетісудың әдемі жерлерін көріп, туристік жорықтар жасап, мәде- ниет мекемелеріне, театрлар мен спорт сарайларына баруы үшін микроавтобус сыйлауды жөн көр- дік, – деп жаңа екі көліктің кілтін табыс етті.

«Mersedes Benz» маркалы микроавтобустың біріТекелі қаласындағы Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының директоры Самат Жаң- бырбаевқа, енді бірі Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры Ләззат Есболоваға табысталды.

Бұдан соң өңір басшысы 3200 балаға қосымша білім беріп отырған Оқушылар сарайын аралап, үйірмелер жұмысын пысықтады. Шахмат үйірмесінің жеткіншектерімен тілдесіп, тау туризміне шыңдалып жатқан балалардың мүмкіндігіне мән берді. Технопарк сыныбында баланың ғылыми талабын ұштайтын түрлі заманауи құрылғылардың орын тепкенін көріп, әрқайсының ерекшелігіне назар аударды. Кеме модельдеу үйірмесінде балалардың қолдан жасаған кемелері мен оны суда жүздіру әдіс-тәсілдерімен танысты. Хания Есдәулетова жетекшілік ететін Қонаев бұрышына дазер салды.

«Қуанса – бала қуансын» дейді дана халқымыз. Ең бас- тысы, балдырғандардың жайлы көлікпен жаңа сапарларға шығуына жол ашылды.

Алма ЕСЕНБАЙ