ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Уақыты: 12.09.2022
Оқылды: 1649
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Талдықорған жылу сервиспен» бірлесіп табиғи газға ауыстырылған №2, №18 қазандықтарды таныстырып, арнайы тур ұйымдастырды.

– «Талдықорған жылу сервис» құрамына жалпы қуатттылығы 457,95 Гкал/сағ 10 қазандық бар. Жұмыс істеп тұрған 10 қазандықтың ішінде кейінгі 2 жылда 4 орамдық қазандық газ отынына ауыстырылды (№1, 2, 3, 18), қазіргі уақытта бұрынғы «Арман» зауыты ауданында орналасқан №4 қазандықты газға ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол биылғы жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарланған, – дейді турды бастап, өзі таныстырған «Талдықорған жылу сервис» мекемесінің бастығы Манархан Ахымбеков.

   Биыл жоспарланған жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін – 179,8 миллион теңге бөлінген.  Қаржы инвестициялық бағдарлама бойынша – 166,1 млн. теңге (жылу көздері мен жабдықтарды күрделі жөндеу, желілер, қосалқы бөлшектер сатып алу); тарифтік смета бойынша – 13, 6 млн.теңге (жылумен жабдықтау обьектілерін ағымдағы жөндеу) қарастырылған. Үлкен қазандық саналатын «Басқуат» қазандығының жылу көздері мен қазандық-көмекші жабдықтарын және жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарда. Бұдан бөлек инвестициялық бағдарламаның қаражаты есебінен кәсіпорын желтоқсан айында 2 жобаны іске асырмақ. Олар 2015 жылы шағын Мүшелтой-Жастар ауданның жылу магистралінің құрылысы мен 2016 жылы Ақылбеков көшесіндегі №4 қазандық пәтерін қайтару.

   2021-2025 жылдар ұзақ мерізімді кезеңге жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша қызметтерге тарифтің шекті деңгейі бекітілгеннен кейін 1 кВТ/сағ үшін электр энергиясының бағасы тек 2021 жылы ғана кәсіпорын үшін 5 есе артқан. Электр энергиясы құнының өсуі биыл да байқалады. 

– Жылу энергиясын тұтынудың үлес салмағы: халық – 63,5 пайыз, бюджеттік ұйымдар – 20,3 пайыз, басқа ұйымдар – 16,2 пайыз. Арнайы бекітлігендай орта босату тарифі (Гкал) 7720,45; халық үшін орташа тариф – 2363,70 теңге; бюджеттік ұйымдар үшін орташа тариф – 27559,78 теңге; басқа тұтынушылар үшін орташа тариф – 6060,92 теңге деп бектілген, – дейді Манархан Әлкенұлы.    

   

 

Қали АСҚАР