"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": БАЛАМ - БОЛАШАҒЫМ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 775
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Дауыс беріп жатқан көпшіліктің қатарында бала-шағасымен келген  отбасыларды да аңғаруға болады.  Мәселен, ақын Салтанат Құмархан сайлауға ұл-қызын ерте келіпті.  Балаларының болашағы үшін дауыс беру маңызды шешім екенін айтады.  

"Балам - болашағым" деген елміз ғой. Балаларымды ертіп келіп, осылар келелі келешекте өмір сүрсін деп дауыс бердім. Ертең осы ұлым "Әкем сол сайлауда дауыс берді, соның нәтижесінде жақсы өмір сүріп жатырмын" деп айтатын болады",- дейді Салтанат Құмархан. 

Жастарға үлгі көрсетіп, дауыс беруге балаларын ерте келгендерге Ескелді аудандық ардагерлер кеңесі тарапынан сый-сияпат жасалды. Ел болашағын таңдарда ауыл тұрғындары ауа-райының қолайсыздығына қарамастан келіп жатыр. Бәрі де жарқын  келешек үшін үн қосуда.
 

Серік ҚАНТАЙ,
Ескелді ауданы