БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ӨТТІ?

Уақыты: 26.12.2022
Оқылды: 1265
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласындағы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде «Балалар жылы» аясында қандай іс-шаралар атқарылды деген сұрақ төңірегінде облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Башаров, Жетісу облысы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат бойынша комиссиясының хатшысы Айжан Оралбековамен баспасөз мәслихаты өтті.  
Жиында Рустам Әли сөз алып атқарылған шараларға тоқталды. 
«Балалар жылын өткізу бойынша штаб құрылып,  құрамына облыстық білім басқармасы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт,  мәдениет,  ішкі саясат,  құқық қорғау органдары, ата-аналар комитетінің өкілдері енгізілді.  Өткізілген іс-шаралармен қамтылған балалар саны – 162 439. Оның ішінде көп балалы және аз қамтылатын отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі  шектеулі және басқа да санаттағы балалар.    Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ерекше бақылауға алынды. Ыстық тамақ 298 мектепте, 41 мектепте буфеттік тамақтану ұйымдастырылған.  Әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 19 886 оқушы тегін дәрумендендірілген ыстық тамақпен қамтылды.  Сонымен қатар, жалпыға бірдей білім беру қорынан 15001 оқушыға 561,3 млн. теңгеге мектеп формалары мен кеңсе товарлары сатып алынды. Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға аса назар аударуда. Облыс бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны – 7210.  Биылғы  оқу жылында 1489 бала  инклюзивті білім берумен қамтылған, – деді. Спикердің айтуынша,  облыс бойынша «Болашақ», «Дара» қоғамдық қорымен жабдықталған инклюзивті  қолдау кабинеті Талдықорған қаласындағы №7, №27 және Панфилов ауданындағы  Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептерде  жұмыс  істейді. «Білімді ұлт» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылы Талдықорған қаласы мен Көксу ауданында педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттерін ашу жоспарлануда. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін маңызды факторлардың бірі – қосымша білім беру болып табылады. 
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында мемлекеттік спорттық тапсырыс пен әр түрлі секцияда 5763 бала шұғылданады.  Облыс бойынша 8 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейді. Өткен жазда 4189 оқушыға облыстық бюджет қаражаты есебінен жазғы демалыс ұйымдастырылған.   Балалар  Көлсай, Шарын, Іле Алатауы, Алтынемел, Жоңғар Алатауы Мәдени-тарихи орындарына барып демалған.  Рустам Әли балалардың  көптеген  облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанғандары жайлы да ауыз толтыра айтты. Болашақта Алакөл ауданы Ақши ауылында 100 орынды «Жалын» жазғы сауықтыру орталығын,  Ескелді ауданында 500 орынды «Көктөбе»,  Талдықорған қаласында 120 орынды «Жас Талап», Ақсу ауданында 200 орынды  «Шымбұлақ», Кербұлақ ауданында 80 орынды «Талдыбұлақ» жазғы сауықтыру орталықтарын ашу жоспарлануда.
Күні кеше ғана Қазақстан Республикасы Президентінің атынан облыстық  Жаңа жылдық шырша өткізілді. Шыршаға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беруді қажет ететін ұл-қыздар, аз қамтылған,  көпбалалы отбасының баларының арасынан оқу озаттары, дарынды 200 бала қатысты. 
Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдар аралығында Алакөл, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Панфилов аудандарында және Талдықорған қаласында 8700 орынды 10 мектеп салу жоспарлануда. Әкім орынбасары көптеген игі шараның ұйымдастаралғанын және алдағы жылдары да жалғасын таба беретінін айтты.

Гүлжан ТҰРСЫН,
Жетісу облысы