"АЛАҚАЙ": ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Уақыты: 04.01.2023
Оқылды: 2048
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында «Алақай» балабақшасы өз жұмысын бастады.


- Ауданымызда бүгін 120 орындық балабақша бүлдіршіндерді қабылдамақ. Елді сүюге, жерді қадірлеуді үйрететін орта. Балабақша қызметкерлері бала бойына құндылықтарды сіңіріп, үлкен еңбек істейтіндігіне сенімдімін, - деді аудан әкімі Елдос Ахметов.

Балабақша заманауи талапқа сай. Бүлдіршіндерге арналған ойын, жатын, кіре беріс бөлмелері, сондай-ақ, ән-әуен залы, психолог пен әдіскерлер бөлмесі бар. Балабақшаға 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Жоспар бойынша 27 жұмыс орны құрылып, 5 балалар тобы тәрбиеленбек.

1992 жылы салынған «Березка» балабақшасының ғимараты бұған дейін «Қарабұлақ қант зауыты» АҚ меншігінде болды. 2020 жылы Акционерлік қоғам балабақша ғимаратын Ескелді ауданы әкімдігіне өткізіп, өткен жылдың мамарында «ШАХ Құрылыс компаниясы» ЖШС балабақша ғимаратына күрнделі жөндеу жүргізіп, жоспарланған мерзімнен бұрын қолданысқа беріп отыр.       

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"