РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ЖАБЫЛЫП ЖАТЫР. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 05.01.2023
Оқылды: 2145
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылып жатыр.

 ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ АОФ және "Қазақавтожол" ЖШС АОФ хабарламасы бойынша 2023 жылғы 3 қаңтар сағат 12-00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолында (84-184 шақырымдары, Көктұма - Достық), сағат 12.30-дан бастап облыстық маңызы бар "Үшарал-Достық-Жаланашкөл" автожолы (0-10 шақырымдары), сағат 14.10-нан бастап республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолы (557-615 шақырымдары, Үшарал қ. Абай облысының шекарасы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Сонымен қатар, 5 қаңтар сағат 00.30-дан бастап "Сарыөзек-Алтынемел-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ" облыстық маңызы бар автожолы (0-94 км) және Аралтөбе мен Онжас ауылдарына кірме жолдары да жабылады. 5 қаңтар күні таңғы сағат 6.30-дан бастап "Сарыөзек-Көктал" (45-68 км) республикалық маңызы бар автожолында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. 5 қаңтар сағат 9.00-ден бастап "Сарыөзек-Көктал" облыстық маңызы бар автожолдан Майтөбе, Каспан, Қарымсақ ауылдарына кірме жолдар учаскелері де жабылды.
Жетісу облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі