ЕҢ КӨП СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛҒАН ҚЫЗМЕТ – ЭЛЕКТРОНДЫ САНДЫҚ ҚОЛТАҢБА

Уақыты: 09.01.2023
Оқылды: 1031
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында  өзіне-өзі қызмет көрсету секторын 220 417 адам пайдаланды 

Жетісу облысы құрылған уақыттан бері, яғни алты айдың ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығында ең көп сұранысқа ие болған қызмет электронды сандық қолтаңба. ЭСҚ-ны алу, мерзімін ұзарту сынды қызмет  43 135 адамға көрсетілді. Сонымен қатар, көлікті тіркеу, есептен шығару, мемлекеттік тіркеу номерін алу – 28 985, жеке куәлік пен паспорт алу қызметтеріне 26 334 адам жүгінген. 

Айта кетейік, Электронды сандық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады. Ол үшін бар болғаны мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. ЭСҚ eGov және  eGov mobile қосымшасы арқылы да рәсімделеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"