АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ

Уақыты: 10.02.2023
Оқылды: 1546
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысы бойынша жыл басынан бері 33 интернет алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл республика аумағында 1617 тіркелген алаяқтықтың жалпы санының 37,2 %-ын құрайды.


33 интернет алаяқтық деректері өңірлерге шаққанда Талдыкорган қаласы-31, Текелі қаласы-1,  Көксу-1. Көбінде бұл қылмыстың түрі ұялы телефондарды қолдану арқылы жасалады.

Алаяқтар банктік ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың қажетті жеке мәліметін алудың түрлі тәсілін қолданады.

Мысалы, Талдықорған қалалық полиция басқармасымен Ф. есімді азаматтың арызы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Іс құжаттарына сәйкес белгісіз тұлғалар оның атынан онлайн несие рәсімдеп қаражатты жымқырған.

Алаяқтар адамдарды көбіне несие рәсімделгені туралы жаңылыстырады және олар  банк картасы бойынша мәліметтерді, карточка нөмірін, банк картасының артқы жағында орналасқан «CV» кодын хабарлауды сұрайды.

Олар WhatsApp мессенджері арқылы қоңырауларды пайдаланады. Өйткені WhatsApp қонырауларды бақылау қиын, алаяқтар ел ішінде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін.

Сонымен қатар интернет-алаяқтық «Колеса», «Крыша», «OLX» интернет-сайттарын пайдалану арқылы да жасалады.

Әлеуметтік желілер арқылы: «Инстаграмм», «Телеграмм», «Фейсбук», «ВКонтакте», арқылы мүлікті сату туралы хабарландыруды жариялау кезінде де абай болған дұрыс. Қымбат заттардың өте төмен құнын пайдаланады, осылайша сатып алушыларды өзіне тартады.

Ішкі істер органдары интернет алаяқтықтың жолын кесу үшін түрлі шара ұйымдастыруда. ІІМ қылмыскерлердің алаяқтық әрекеттері туралы ескерту сипатындағы SMS хабарламалар жібере басталды.

Ішкі істер органдары мына ескертпені қаперде ұстауды қатаң талап етеді.

1. Ешқандай жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.  Олар банк, ішкі істер қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар.

2. Өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламау, аударымдар туралы түбіртектерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға кодтар мен кодтық сөздерді және т.б. бермеуді талап етеді.

3. Жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз. Мұндай қызметтер, мысалы Қазпоштамен көрсетіледі.

4. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болыңыз.

5. Қолданбаларды орнату үшін тек ресми App Store, Play Market және т.б. пайдаланыңыз.

6. Өтпеуге сілтемелер бойынша жіберуді, мысалы жалған төлемдер жасалғандай болып көрсетілуі мүмкін, жеке тұлғалар төлем жасау үшін жеке ұялы телефондағы бағдарламалардың СПАМ-сілтемесі жеке терезесі арқылы белгісіз тұлғалардан хабарлама ретінде келу мүмкін.

7. Банкинг қызметтеріне қолжетімділік құпия сөздерін үнемі ауыстырып отыруды, яғни «3D» қорғауды және банктер ұсынатын басқа да, қауіпсіздік шараларын пайдаланып отырыңыз.

8. Негізінде тұлғаларға өздерінің шоттарындағы ақша қозғалысын жиі тексеріп отыруды ескертеміз.  

 

Мәди ХАЙРБАЕВ,
  
ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің  Жетісу облысы бойынша
басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты
 қалыптастыру аға прокуроры