ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА БАРАДЫ

Уақыты: 13.02.2023
Оқылды: 781
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласындағы Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері  облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандық ауруханаларға барып, стационарлық ем қабылдап жатқан балалардың жағдайымен танысты.  Ақсу, Сарқан және  Алакөл аудандық ауруханаларына барған дәрігерлер жағдайы ауыр пациенттерді емдеу әдісін бақылап, кеңес берді. Аталған аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері  Стыбаев Қамбар Дулатұлы: 
-Біздің мақсатымыз - аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан кішкентай пациенттерге көмек көрсету және әріптесермен өз тәжірибемізбен бөлісу, кеңес беру. Пандемия кезеңінде тек zoom желісінде кеңес берсек, қазір тікелей пациенттің жағдайымен танысып, емдеуге мүмкіндік бар, - деді. 

Анестезиолог-реаниматолог дәрігер  Камбар Стыбаев тәжірибелі мамандардың бірі. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы шақыртумен келіп, жұмысқа кіріскен маман осы уақытқа дейін Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем  орталығында  анестезия, жан сақтау және  қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі болып 16 жыл қызмет атқарған. 

Айта кетсек, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бірқатар мамандары Қамбар Дулатұлының қатысуымен өзге де аудандық ауруханаларға баруды жоспарлап отыр.