БАЛА ТӘРБИЕСІ - БАСТЫ МІНДЕТ

Уақыты: 17.02.2023
Оқылды: 1209
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бала – болашағымыз. Ұрпақ тәрбиесі – қоғам тәрбиесі.  Балалар  жас шыбық  тәрізді  қалай исең, солай  иледі.  Сондықтан  жасөспірімдерге  балабақшадан бастап сапалы  тәрбие, сапалы  білім  беру біздің, тәрбиешілердің  міндеті деп  білемін.                                                                                 

Тәрбие   отбасындағы  тал  бесіктен  басталады.  Сондықтан  өзім  Пенжім  ауылының  «Бөбек»  балабақшасында  тәрбиеші   болып еңбек етіп  келемін.   Біздің «Бөбек» балабақшасын  білікті, тәжірибелі  меңгеруші   Жаңылхан  Несипбекова басқарып келеді.  Мен тәрбиелеп келе жатқан «Бәйтерек» мектепалды  дайындық  тобында  20 бала  бар.  Ахмет  Байтұрсынов  атамыздың «Елді  түзетуді  бала  түзетуден бастау керек» – деген ұлағатты сөзінің мән-мағынасын   зер  салсақ, тәрбие  ұрпақтан бастау  алатынына  көзімізді  жеткіземіз. Адам баласы ес  білгелі өз ұрпағын тірбиелеу мен келеді.  Ата-бабамыз жас ұрпақты  бесіктен бастап тәрбиелеген.

Қазір  заман талабына сай  көптеген  өзгерістер  енгізіліп, сабақтарды  ойын түрінде  кіріктіріп өтіп жатырмыз. Бала  ойын арқылы  берілген тапсырманы  орындап  меңгеріп алады.  Балабақшамызда желтоқсан  айында  аудандық  семинар  өтті. Онда 2023- жылдың жаңа  бағдарламасы  бойынша «Рухани  жаңғыру»    тақырыбында  сабақ көрсетілді. Балаларға сауаташу, математика пәндерін ойнатып оқытып,  денелерін шынықтыру.  Бала  ойнап тұрып  санайды, ұлттық  киімдерді,  ойындарды ажыратады. Семинар  өте жақсы өтті. Келген  қонақтар   сабақ  бойынша  өз пікілерін айтып, ризашылығын білдірді.                                                             

Мен тәрбиеші мамандығын таңдағаныма  мақтанамын.  Менің «Бәйтерек» тобымда өнерлі, дарынды балалар  көп.  Атап айтсам,  Азима Төленді, Юнус Имиров, Дана Абай,  Юсуф Аркинов, Айсана Бауыржан, Райымбек Ринатұлы. Мен осы топтың  ата-аналарына көп алғысымды  айтқым  келеді . Бұл топтың ата-аналары  өте ұйымшыл,  балалары үшін  көмектерін аямай  қол үшін береді.

Аделям ЕЗБАЕВА,
"Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Панфилов ауданы