ОСЫМЕН ТӨРТ АУДАНДА ОТЫРМЫН: ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Уақыты: 02.03.2023
Оқылды: 1185
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жыл сайынғы дәстүрлі әкім есебі әр ауданда жалғасып келеді. Биылғы есептің бұрынғы есептен артықшылығы да сол – Жетісу облысы әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ жер мәселесіне баса мән беруде. 

Республика экономикасында ауылшаруашылық саласы бойынша локомотив болуы тиіс маңызды аймақта жер мәселесі әлі де өзекті. Бұл жиналыста аталған мәселенің ерекше назарға алынуы да соның дәлелі болса керек. 

Айталық, Ескелді ауданында болған кездесуде де облыс әкімі жауапты қызметкерлерге осы түйткілді шешу жолын қарастырып, тез арада тиісті шара қабылдауын тапсырды. 

«Осымен төртінші ауданда отырмын, аймақ басшыларының жерге қатысты арнайы жоспары, құжаты жоқ. Бұлай болмайды. Жоспарға алайық, бекітейік, қадағалайық», – деді өңір басшысы.

Түсінсеңіз, төрт бірдей аудандағы әкімнің есептік кездесуінде жер мәселесі "алдынан шыққан". Ол аз десеңіз, арнайы жоспары мен құжаты да жоқ жергілікті атқа мінерлердің дәрменсіз кейіпте тұрғаны да тұрған. 

Алысқа бармай, кездесудегі бір ғана мысалды тұздық етейік.  Аталған ауданда халықтың мал жаюы үшін 106 мың гектар жайылым қажет делінген. Оның ішінде Қайнарлы, Матай Байысов және Ешкіөлмес сынды  ауыл тұрғындары жайылымға мұқтаж. 

Ең қызығы, ауданда былтыр 54,6 мың гектар жердің пайдаланылмағаны анықталған.

 

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ