ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Уақыты: 21.03.2023
Оқылды: 870
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде қаржы пирамидасының жолын алу мақсатында жиын өтті. Әлеуметтік желі арқылы жарнамасы өтімді осындай заңсыз ұйымдардың, жымысқы түрде жымдасқан  топтардың  адамдарға залалының терең екенін түсіндірілді.

Жетісу облысты бойынша экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен өрнек тапқан шарада алдымен аталмыш департаменттің басшысы Дәурен Мамытов сөз алды.

Ол адамдарды жөнсіз алдап, бар табысынан, жиған-тергенінен айырып жатқан қаржы пирамидаларымен күрес жұмыстары жөнінде департаменттің атқарып жатқан істерін, жоспарын баяндады. Әлеуметтік желі, сайт, сондай-ақ түрлі жолмен адам санасын жаулаған індетті жою уақыт күттірмес мәселе екенін айшықтады.

Өз кезігінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли департамент жұмысына әкімдік тарапынан барынша қолдау болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, жиында баяндама жасаған аталмыш департамент қызметкері Жанел Бетісов қаржы пирамидасы жайлы журналистерге жан-жақтылы ақпар берді. Экономикалық тергеу департаментінің жұмысы мен жоспарына тоқталып, арнайы дайындалған бейнероликті көпшілік назарына ұсынды.

Шара барысында сөз алған қоғамдық даму басқармасының басшысы Болат Керімбек бастаған БАҚ өкілдері өздерін толғандырған сауалын қойып, тұшымды жауап алді.

АРДА БИ