ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БЕЙБІТ ИСАБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Уақыты: 14.03.2023
Оқылды: 935
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Жетісу облысы әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫ қабылдап, бірқыдыру тапсырмалар берді.

Белгілі болғандай, өңір әкімі кездесуде Президентке 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақорданың ресми сайты дерегіне жүгіне отырып. 

"Атап айтқанда, игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, ауыл шаруашылығы айналымына қосу, ирригация жүйелерін қалпына келтіру және инновациялық агротехнологияларды қолдану арқылы егін өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды" делінген хабарламада.

Сурет: akorda.kz

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ