ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТҮЙЕМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 588
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласындағы №9 орта мектепте орналасқан №419 сайлау учаскесіне түйе мініп келген "Айтбала" шаруа қожалығының жұмыскерлері өз таңдауын жасады.

Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық киіммен саяси науқанға қатысқан бір топ түйеші алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Шаруа қожалығының жетекшісі Мархабат Қиясовтың айтуынша, түйе, жылқы өсіретін шаруашылықта 50 түйе бар. Соның бір-екеуі күн сайын облыс орталығындағы демалыс саябағында демалушыларға қызмет көрсетеді. Ойсылқара тұқымына әсіресе бүлдіршін балалар құмар. Ата-анасына түйеге мінгізуді өтінетін сәбилер өркешке шыққанда қуанышқа бөленеді екен. Одан бөлек, ересектерде түйемен суретке түсуді ұнатады.

Түйе баққан түйешілер дауыс беруден сырт қалмай, саяси науқанға белсенділікпен қатысып отыратындарын айтады.

Айта кетейік, №419 сайлау учаскесіне 2216 адам тіркелген.

Мәди Алжанбай,
Талдықорған қаласы