ТЕКЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ШЕРУІМЕН ВЕЛОСИПЕДШІЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 650
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде велосипедші жастар патриоттық рухты көтеріп, өз таңдауларын жасады. 

-    «Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз» - дейді Ынтымақ Әленбек

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ,
Текелі қаласы