«САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ ТЕК АҚ ЖАҒАЛЫЛАРҒА ҒАНА ТӘН ЕМЕС»: АУДАН ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 532
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев өз таңдауын жасап, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттар депуттатарының сайлауында дауыс берді.

«Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға.Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдауымыз керек. Сайлауға қатысу тек ақ жағалыларға ғана тән нәрсе емес. Бұл тұтас ұлттың мойнына артылған жауапкершілік. Болашақ бағытыңды айқындайтын уақыт. Сондықтан да, бұл біз бен сіздің азаматтық парызымыз», - дейді аудан әкімі.

Жалпы бүгін, 19 наурыз Сарқан ауданындағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеуде.

Жақсылық Игіманов,
Сарқан ауданы