ТОҚАЕВ: БІЗ ТАЗЫ МЕН ТӨБЕТТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КЕҢІРЕК ДӘРІПТЕУІМІЗ КЕРЕК

Уақыты: 21.03.2023
Оқылды: 2526
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптелуі керек екенін айтты.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы  Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды «7-SU.KZ» желілік басылымы. 

Руслан Желдібай өз жазбасында мемлекет басшысының пікірін келтірген: 

– Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Президент.

Сонымен қатар, ол Ұлыстың ұлы күніне орай өткен шара барысында тазы өсіруші Анна Захарова Президентке күшік сыйға тартқанын айта отырып, президенттің тазы ұстайтынын жеткізген. 

  Ең қызығы, Президентке сыйланған бір жарым айлық күшіктің аты – Наурыз. 

Фото: Ақорда баспасөз қызметі