"Халыққа титтей де болсын пайдам тию үшін қолымнан келгенін жасаймын": Ләйла Сұлтанқызы депутат атанды

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 662
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Астана қаласы бойынша Мәслихат депутаты атанды. 

Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы  парақшасында хабарлай отырып, өзін қолдаған жандарға алғысын айтты.

Ол саясатқа араласып, ел игілігіне жұмыс істеу әйел адамның да қолынан келеді да келетінін айтады.

«Бүгін Астана қаласы маслихатының депутаттар тізімінен өз атымды көру бұйырыпты. Қуанышыма ортақтасып  жатқан барлық жанға көп-көп рақмет. Алла сәтін салса, ойда жүрген көп іс-шараларды жүзеге асырып, халыққа титтей де болсын пайдам тию үшін қолымнан келгенін жасаймын. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз - мен үшін қашанда маңызды!», - деп жазды ол.

 

фото: Instagram/sultankyzy

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ