Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 559
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі отставкаға кеткенін растайтын жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорда ресми сайты дерегіне сүйеніп хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта. 

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ