Самат Нұртаза: “Әкең суайыт” деген сөз естігеннен сақтасын"

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 1021
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бұндай пікірді жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Су жаңа депутат жазбасында халық үшін қызмет етуге құдай мүмкіндік бергенін айтады. 

- Құдай депутатқа Халық үшін қызмет етуге мүмкіндік береді. Егер депутат Халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізбесе, ол депутат Халықтың алдында қарабет болары хақ. Егер депутат Халықтың сөзін билікке жеткізіп, Халықтың мүддесімен жүрсе, ол депутаттың жүзі жарқын болатыны хақ, - дейді ол

Бұдан әрі ол осы елде туып-өскен балаларының ертең "әкең суайт" демеуі үшін жұмыс жасайтынын жеткізген.

- Тағдырдың берген мүмкіндігін Халық үшін пайдалануға өзім де мүдделімін. Себебі балаларым осы елде өсіп жатыр, туыстарым, ағайын-туыс, жолдас-жора осы Қазақстан Республикасында өмір сүреді. Депутаттық лауазымға масайып, ертең балаларым “Әкең өтірікші”, “Әкең суайыт” деген сөз естігеннен сақтасын. Лауазым да, тіпті өмір де - қысқа. Тарих үшін еңбек ету керек. Ажал жетіп, өліп кеткенде “Жақсы кісі еді” деген сөздер көп болу үшін тырысамын. Айтарым осы. Қалғаны уақыт еншісінде, - деп аяқтаған өз жазбасын. 

Фото: пікір авторы парақшасынан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ