"Қолдарында құжаты жоқ": Талдықорғанда заңсыз берілген пәтер саны 1218-ге жетті

Уақыты: 30.03.2023
Оқылды: 996
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен бирифингте Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев мәлімдеді.

Оның айтуынша баспана жайы қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып тұр. Заңсыз берілген пәтерлер бойынша бірнеше жылдан бері ешқандай жалгерлік қаржысысы төленбеген. Сонымен бірге азаматтардың мәртебесі сұрыпталмаған.

 

ЕШҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАРЫ РӘСІМДЕЛМЕГЕН

Бұған дейін заңсыз берілген пәтер саны 1026 болса, сегіз айдың ішінде 1218-ге көбейді. Оған себеп  2016-2018 жылдар аралығында жетімдерге берілген 60, денсаулық сақтау саласыныың мамандарына берілген 60, көпбалалы аналарға берілген 72 пәтер анықталды. Олардың ешқайсысының  құжаттары рәсімделмеген.

- Дәлелі бар, пәтерді кезекпен алып, тұрып жатқандардың құжаты тұрғын үй комиссиясы арқылы рәсімделуде. Құжаты барын дәлелдеген, бірақ мемлекеттік қызметкерлер тарапынан кеткен олқылықтар арқылы санаты расталмаған азаматтардың құжаты медиация арқылы, қолдарында құжаты жоқ, кезектен заңсыз алынғандардың құжаты сот арқылы заңдастырылуда, – деді Әсет Дүйсебекұлы.

 

БІРНЕШЕ АЗАМАТТЫҢ КЕЗЕГІ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Жетісу облысының прокуратурасы, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тексеру барсында бірнеше азаматтың кезегі қайтадан қалпына келтірілді. Олардың үй алуға деген құқықығы толық сақталып отыр.

2005, 2006 жылдары кезектен заңсыз түрде алынып тастағандарға пәтер берілді. Ал, басқа облысқа ауысып кеткен мемлекттік қызметшілердің пәтері мемлекет меншігіне қайтарылуда.

 

КҮДІККЕ ІЛІНГЕНДЕР ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Жиында 2013-2021 жылдар аралығында заңсыз берілген пәтерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазірігі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатқаны айтылды. Күдікке ілінгендер Талдықорған қаласы әкімідігіннің лауазымды қызметкерлері.

Жалпы, Талдықорған қаласында пәтер кезегінде 15 мыңнан астам азамат тұр. Осы уақытқа дейін себепсіз 1700 адам кезектен алынып қалыпты. Олардың 1333-і қайта кезекке қойылды. Қала әкімінің сөзінше қолға алынған ауқымды жұмыс жалғасын табады.

 

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото: Руслан ҚАДІРОВ

 

Редакциядан: материал жедел дайындалды. Алдағы уақытта толық нұсқасын ұсынамыз.