ҚР МКҚ мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым науқаны басталды.

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 953
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ҚР МКҚ қатарындағы мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым науқаны басталды.
2023 жылғы 24 наурыз – 15 сәуір аралығында аймақтардағы әскери басқару органдарында үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- жас мөлшері 18-27 жас;
- бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес;
- білімі: жалпы орта, орта арнаулы, жоғары.
Ескерту: 
- бойы 185 см-ден жоғары;
- жоғары білімді;
- спорттық разряды бар үміткерлерге басымдық беріледі.


Іріктеуден өткен сарбаздар қызметті элиталық әскери құрылым – Астана қаласындағы “Айбын” президенттік полкінде өтеді. 

Ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
-тұрғылықты жердегі қорғаныс істері бойынша департамент (басқарма, бөлім);
-ҚР МКҚ өкілі +77076787622.

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ