РЕСМИ. Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

Уақыты: 30.03.2023
Оқылды: 959
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күні ресми айтылды.

Бұл туралы  7-su.kz желілік басылымы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтанның Facebook парақшасында жазған мәлімдемесіне сүйене отырып хабарлайлы.

«Ресми! Бұйыртса, жекпе-жек 13 мамырда өтеді. Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық титулын екінші рет қорғайды. Қарсыласы канадалық Стивен Батлер. Жасы 27-де. Рекорды: 32 жеңіс, 3 жеңіліс. WBO рейтингінде 6 орындағы қарсылас. Тартысты кездесу күтіп тұр! Qazaq style-ға сәттілік! Жеңісті күнде жүздесейік!», - делінген жазбада.

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ