Халық қарсы болса, АЭС салынбайды

Уақыты: 11.04.2023
Оқылды: 662
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жаңадан тағайындалған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен АЭС салу мәселесін шешуде қазақстандықтардың пікірі ескерілетінін айтты, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, мүмкіндігінше қоғамдық пікір ескеріледі. Бұл ретте министр атом электр станцияларын салудың қолданыстағы тәртібіне тоқталып, онда қалай жүзеге асыру керек екені көрсетілгенін айтты.

"Менің жеке пікірім: референдум халықтың көпшілігі осы станцияны қолдайтыны немесе қолдамайтынын түсіну үшін қажет. Мұны қамтамасыз ете алатын көптеген әртүрлі механизмдер бар. Егер халық қарсы болса, станция салынбайды, ол түсінікті. Мұны қалай жасау керек екені - референдум немесе кеңейтілген қоғамдық тыңдаулар немесе Парламенттегі отырыстар - талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі. Ережелер, процедуралар бар, сәйкес бақылау органдарын үйлестіруге және құруға қатысты мәселелер бар. Менің ойымша, бұл бастапқы нүкте болуы керек. Өте күрделі ғимарат. Станцияның құрылысын қазірден бастасақ, кем дегенде 10 жылда аяқталатынын түсіну керек. Жақсы жағдайда бірінші блоктар болады. Бірақ созып жүруге де болмайды", - деп жауап берді Алмасадам Сәтқалиев.

Атом электр станциясына қатысты өзінің жеке ұстанымына тоқталған Сәтқалиев құрылысты жақтайтынын және станция салуға кез келген нысанда дауыс беруге дайын екенін айтты.