Бүгінгі ауа райы: «Қазгидромет» ескерту жариялады

Уақыты: 12.04.2023
Оқылды: 806
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы өзгереді, дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше Жетісу облысында екпінді жел соғады.

Жетісу облысы

12 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Талдықорған к.: 12 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Атырау облысы

12 сәуірде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с. 

Атырау қ: 12 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысы

12 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 18-23 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 12 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

12 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 

Орал қ.: 12 сәуірде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Павлодар облысы

12 сәуірде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

12 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. 

Петропавл қ.: 12 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

12 сәуірде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

12 сәуірде Түркістан облысының тауында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

12 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.