Кәсіпкерлер мәселесі көтерілді

Уақыты: 15.04.2023
Оқылды: 1171
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылған семинар шеңберінде облыс кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ, өңдеуші өнеркәсіптің салалық кеңесінің мүшелері мемлекеттік қолдау шараларымен егжей-тегжейлі танысып, өнеркәсіптік кәсіпорындар бетпе-бет келетін қиындықтарды талқылады.

– Жетісу облысы бойынша 500-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның 16-сы ірі, 14-і орта. Бүгінгі таңда 80 пайызға жуығы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін құрайды. Бұл республика бойынша жақсы көрсеткіш болып табылады. Аккумуляторлық батареялар, темірбетон, электр-техникалық, кабельдік бұйым, тағы да басқа өндірістер бар. Жеңіл өнеркәсіп те жақсы дамып келеді, ал болашақта оны дамытуды жалғастыру қажет, – деп атап өтті облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Диас Серіков.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында «QazIndustry «ҚЭИО» АҚ, «QazTrade», сондай-ақ «ҚазЭкспортГарант» даму институтының өкілдері мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Жиында пайдалы ақпараттарға қаныққан кәсіпкерлер жаңғыртуға, қандай да бір технологияларды енгізуге арналған шығындардың бір бөлігін сыртқы нарыққа шығаруға, сатуға байланысты шығындарды өтеу жолдарын білді.

Елдің индустриялық дамуына жәрдемдесу, индустриялық инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп субъектілерін кешенді ынталандыру – бұл «QazIndustry» АҚ институты қызметінің негізгі үш бағыты деп есептеледі.

– Бүгінгі таңда біздің институт өнеркәсіп саласының мәселесін және оларды шешу жолын анықтау аясында жұмыс жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына Ұлттық баяндама үшін ақпарат дайындалатын болады. Мұның бәрі елдегі бизнестің жағдайын жақсарту үшін жүзеге асырылады. Үнемі серіктестермен ықтимал цифрландыру тұрғысынан аудит жүргізу мақсатында кәсіпорындарға барамыз. Нәтижесінде цифрлық стратегия дайындалуда, яғни қандай бағытта қозғалу керек және осы кәсіпорындарда қандай цифрлық шешімдерді енгізуге болатынын бағамдаймыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз жиырмаға жуық кәсіпорынды араладық, –  деді «QazIndustry" ҚСЗИ» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев.

Шарада өткен жылдың қорытындысы бойынша шығындардың орнын толтырған компаниялар туралы да айтылды. Яғни «QazTrade» АҚ жобаларды дамыту департаментінің өкілі Бақтияр Сәдабаев интеграциялық процестерде отандық бизнестің мүддесін қорғау және шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету, ритейл және бизнес-қоғамдастықтармен өзара іс-қимылын баяндады. Ал «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі Алмаз Қалқаев экспорттық цикл кезеңдері, жаңа нарықтарға шығу, кассалық резерв, инвестициялық қарыз тарту жағдайын сөз етті.

– Институттардың бағдарламалары өте жақсы, бірақ бізге экспорттың алға жылжуы қажет – бұл қаржы, салық жүйесін қалыпты дамытуға тиімді. Тағы бір мәселе – еңбек ресурстары мәселесі. Бәріміз АӘК төлеу арқылы төлемге үміттеніп жұмыс істегісі келмейтінін түсінеміз. Мигранттарды рәсімдеу өте қиын. Оларды ресми түрде жұмысқа орналастыра алмаймыз. Жұмысты ілгерілетуге жұмыс күші тапшы, жергілікті ауыл халқы АӘК-ге үміттеніп жұмыс істегісі келмейді, – деп атап өтті "AZIA Gold" ЖШС басшысы Алексей Коржиков.

Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған мәселелерді де көтерді. Атап айтқанда, лизингке жабдықты сатып алу туралы, шығындарды өтеу үшін қандай пайыз және қандай құжаттарды тапсыру қажет және тиісті жауап пен түсініктеме берілген басқа да бірқатар мәселе көтерілді.

Қажет Андас