Халықымыздың 40 пайыздан астамында артық салмақ бар: Фасфудтың зияны

Уақыты: 14.04.2023
Оқылды: 1149
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Фастфуд, газды, энергетикалық сусын, калориясы көп тағамдар біздің өміріміздің маңызды бір бөлшегіне айналды. Көше, ойын-сауық орталықтарының барлығында осы аталған заттар самсап тұр. Адамды өзіне баурап алатын жарнамасы бар, қызылды-жасылды сәндібезендіруі бар заттар көрер көзді амалсыздан баурайды. 

Осы заттардың бәрі, әсіресе, балалардың күнделікті жейтін тағамына айналды. Осыдан кейін артық салмақ, тәбеттің жоғалуы, асқазан, ішек, өт жолы, бауыр, бүйрек ауырулары пайда болады. Бүгінде халықымыздың 40 пайыздан астамында артық салмақ бар. Еліміз артық салмақпен күресіп жатса, әлемдегі жағдайды елестету тіптен қиын. Өз ортасында толықтығынан ұялу, өзгелердің келекелеп, мазақтауы, адамға және баланың психологиясына міндетті түрде әсер етеді. Бүгінде психологтарымыздың дабыл қағып отырған үлкен мәселенің бірі – артық салмақ және кемсіту. Әр бала өзінше жақсы, икеміне қарай жұмыс істеп, қоғамға бейімделеді.

Кез келген мәселенің алдын алу әр адамның өз қолында. Осы тағамдардың орнына пайдалы тағамдар тұтынса, тамақты өз мөлшерімен пайлаланса, барынша: табиғи заттарды көкөніс, жеміс-жидек қосылған тағамдарды уақытымен жиі жеп-ішсе, бұл мәселелердің бірі де болмас еді. Әрине, фаст-фудты, тәтті тағамдарды мүлдем қолданбай емес, өз мөлшерімен жеп тұрсақ та болады.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан, тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Сауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен саламатты өмір салтын ұстану арқылы аурудың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап жүруімізге болады .

Мадина ТҰРСЫНҚОЖА
Сурет ғаламтордан алынды