Жетісу облысында аккумулятор шығаратын жаңа зауыт ашылады

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 909
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда жалпы құны 287 млрд. теңгеден асатын өндіріс орындарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегіне сүйеніп.

Тоғыз облыста 20 жобаны жүзеге асыру арқылы отандық металдарды (алюминий, мыс, қорғасын) тереңдетіп өңдеу жолға қойылады. Инвестициялар көлемі 287,4 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Олар бұл нысандарда 4,8 мың жұмыс орнын ашпақ.

Өндіріс орындарын ашу Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында жоспарлануда. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент және Жетісу өңірінде жобалар іске қосылады.

Жетісу өңірінде өнеркәсіптік және автомобиль аккумуляторларын шығаратын зауыт ашылады. Бұл жоба екі кезеңде жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 2029 жылға қарай алюминийді отандық өңдеуді бес есеге, қорғасынды төрт есеге және мысты 13 есеге арттыру жоспарланған. Ал ішкі резервтер есебінен өңдеу өнеркәсібін дамыту әлеуеті 46,3 млрд долларды құрайды.