"Бізге не жетпейді?": Тоқаев әкімдер мәселені көруі үшін жаяу жүру керектігін ескертті

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 780
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгінде біраз қордаланған мәселелер айтылды. Соның бірі есебінде Президент елдегі қалалардың бет-бейнесін реттеу керектігін ескертті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Мемлекет басшысының мұндай мәселеге тоқталуына шетелдегі қалалар мәдениеті себеп болған.

"Біз қалаларымыз бен астанамызды көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыз жақсы көрінбейді. Ойын алаңдары жабдықталмаған. Шетелде жүргенде көреміз, үйлер тозған, бюджеті әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан қалалар өте жақсы, таза көрінеді. Бұл – муниципалды биліктің жұмысы. Оған қоса қала тұрғындарының өз көзқарасы бар. Бізге не жетпейді?" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте "бізге не жетіспейді" деп саул тастаған Тоқаев қалалардағы мәселелерді көзімен көру үшін әкімдер жаяу жүріп аралауы қажет екенін жеткізді. 

"Біз қала тұрғындарының өз көшелеріне, үйлеріне және тағы басқаға немқұрайлы қарайтынына тап болдық. Бұл еліміздің беделін түсіруге жұмыс істейді. Мұндай мәселе елордада да бар. Елорданың жоғары мәртебесі тек қала орталығына ғана емес, шет аймақтарға да сай болуы керек. Қалалардың жағдайы көңіл көншітпейді. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат өкілдері отыр, осыған назар аударыңыздар. Мысалы, Семейдегі балалар алаңында ойнау қауіпті. Әкімдер жаяу жүріп, өз қалаларын аралауы керек", – деді Президент. 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ