«Қорғас» ШЫХО 24 сәуірден бастап өз қызметін қайта жалғастырады

Уақыты: 20.04.2023
Оқылды: 593
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті.

Өткен үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды.

Осылайша 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап «Қорғас» ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне қайта кірісетіндігін хабарлаймыз.