Талдықорғанда құны 26 млн. теңге болатын дәретханалар орнатылды

Уақыты: 26.04.2023
Оқылды: 722
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған әкімдігі 26 млн теңгеге 5 қоғамдық дәретхана орнатты. Әрқайсының бағасы 5 миллион теңгеден асады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық дәретханалар әлі іске қосылмаған.

«Иженерлік яғни, жарық, су жүйелері тартылғаннан кейін пайдалануға беріледі», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ал дәретханалар орнатылған жер кездейсоқ таңдалмаған. Қала тұрғындарына арнайы сауал жолданып, халықтың қалауы бойынша қойылатын орындар анықталған.

Жалпы, әр қоғамдық нысан заманауи үлгіде жасақталған. 11 шаршы метр аумақты қамтиды. Суды жылытуға арналған 25-50 литрлік бойлер, арнайы қолды құрғататын құрылғы, қоқыс жәшігі сынды қажетті дүниенің барлығы бар. Нысанның айналасына бейнебақылау камерасы да орнатылған. Ал қоғамдық дәретхана ақылы немесе тегін қызмет ететіні әзірге белгісіз.