«VIDAR» КАМЕРАСЫ ҮШ АЙДА 345 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ЖҚЕ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ТІРКЕДІ

Уақыты: 27.04.2023
Оқылды: 864
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Биылғы жылдың 1 тоқсанында жүргізілген талдауға сәйкес Талдықорған қаласы маңындағы және облыс орталығындағы 8 бекетте (18 бейнекамера) жұмыс істейтін «VIDAR» АТЖ камералары ҚР ЖҚЕ 14814 бұзушылықты тіркеді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы хабарлайды. Осы бұзушылықтарға жол берген автокөлік құралдарының жүргізушілеріне жалпы сомасы 345 278010 теңгеге айыппұл салынып, 260 млн-нан астамы өндірілді.

ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛА КЕТЕЙІК, 26 СӘУІРДЕ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫНДА «VIDAR» КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛҒАН ТАҒЫ ДА 10 ПОСТ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ҚОСЫМША ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ.

Жетісу облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды ақпаратты назарға алуға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Қосымша бекеттер жаяу жүргіншілер өткелдерінде және жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде жұмыс істеп тұр:

1. «Алматы-Өскемен» тас жолының 253 км, 3-бөлімше ау., жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ. «Алматы-Талдықорған» бағытында жылдамдық өлшеуіш -1.
2. «Алматы-Өскемен» тас жолының 258 км, Пригородное ауылы, жаяу жүргіншілер өткелі, шектеу 40 км/сағ., жылдамдық өлшеуіш -1.
3. «Алматы-Өскемен» тас жолының 280 км, Сарыбұлақ с/қ, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу 40 км/сағ., жылдамдық өлшеуіш -1.
4. Талдықорған қ., Абылайхан көшесі, «RP» ЖҚС, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ., жылдамдық өлшеуіш -1.
5. Талдықорған қ., Желтоқсан көшесі, «ХАК» клиникасы, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу 40 км/сағ., жылдамдық өлшегіш -1.
6. «Талдықорған – Үштөбе» тас жолы, Ынтымақ ауылы, айналма жолдың түйісуі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ., жылдамдық өлшегіш -1.
7. Талдықорған қ., Абылайхан-Кивилев көшесі, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ., жылдамдық өлшегіш -1.
8. Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі, жұқпалы аурулар ауруханасы, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағат, жылдамдық өлшегіш -1.
9. Талдықорған қ., Жалайыри даңғылы, ПД ӘПБ түйісуі, жылдамдықты шектеу 40 км/сағат, жыл