Облыс әкімі Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездеседі

Уақыты: 10.05.2023
Оқылды: 1186
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары!

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 2023 жылғы 24 мамыр күні сағат 14:30-да Кербұлақ ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Мекенжайы: Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №10.

Сондай-ақ, сағат 15:30-да өңір басшысы Ә.Сарыбаев атындағы аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Мекенжайы: Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №25.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y=  сілтемесі бойынша және Кербұлақ ауданы әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «kerbulak_akimdigi» парақшасында  https://instagram.com/kerbulak_akimdigi?igshid=MTIyMzRjYmRlZg==  сілтемесі бойынша жүргізіледі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі