"Кітапхана ашу": Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында өзінің арманы туралы айтты

Уақыты: 17.06.2023
Оқылды: 684
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің арманы туралы айтты.

Бұл жөнінде 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігінің дерегіне сүйеніп хабарлайды.

“Мартин Лютер Кинг сияқты менің де көкейімде жүрген бір арман бар, бұл – тәулік бойы жұмыс істейтін Президент кітапханасын ашу. Мен мұндай кітапхананы Анкарада көрдім. Оның оқырмандары әлемнің әр түкпірінде басылып шыққан көркем шығармаларды, арнаулы әдебиетті оқи алады. Мұндай кітапхананы елімізде де салуға болады деп ойлаймын”, – деді ол.

Тоқаев қазақ мәдениетін TikTok платформасында насихаттауды қолдайтынын мәлімдеді. 

“Жақында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қазақ мәдениетін TikTok платформасында насихаттау жолдары қарастырылып жатқанын айтты. Мен мұны қолдаймын. Жастар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу – дұрыс қадам”, – дейді Тоқаев.