ЖҮК КӨЛІГІ ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНА СОҒЫЛДЫ

Уақыты: 24.07.2023
Оқылды: 720
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысы аумағында ауыр жүк көлігі пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


2023 жылғы 24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысуға жол берді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға тексерілуде, - деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Осыған орай ҚТЖ жүргізушілерді қырағылыққа және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.