АЛҚАП БАСЫ ҚЫЗУ ЕҢБЕК

Уақыты: 25.07.2023
Оқылды: 1166
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ескелді ауданында астық ору жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың алды қазір егістіктен тәп-тәуір өнім алды. Олардың қатарында «Хильниченко и К» коммандиттік сенім серіктестігі, «Нам Герман», «Сариев», «Дүйсенбинов» және өзге шаруа қожалықтар бар.


Аудан әкімі Елдос Ахметов қызу жұмыс жүргізіп жатқан «Хильниченко и К» шаруа қожалығына барып, жағдайды бағдарлап қайтты. Биыл Жетісу өңірінде жауын-шашын аз болды. Жерде ылғал мүлдем жоқ. Соның салдарынан арпа-бидай дұрыс көтерілмеді. Десе де құрғақшылыққа қарсы жұмыс атқарудың арқасында арпа-бидайдың өніп шығуына баса мән берген. Аталған шаруа қожалығы Лаба аумаққа 541 гектар бидай еккен. Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар уақытылы жүрді. 

Аудан диқандары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Егістік алқаптарындағы комбайндар астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құюда.

Қали АСҚАР