Жемшөп жеткілікті

Уақыты: 06.02.2024
Оқылды: 380
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жаз жантаймаған қыс қысылмайды. Мейлінше қауырт қимылдап, қажетті қор жасалғанның нәтижесінде биыл облыста жемшөп толығымен жетеді деп жоспарлануда. 

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биылғы қысқы науқанға барлығы 2 205,5 мың тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде, атап айтар болсақ, шөп, пішендеме, сүрлем, сабан, жемдік астығы бар. Бүгінгі күнге дейін қордың 796,9  мың тоннасы жұмсалды.

Қазіргі уақытқа 1408,6 мың тонна мал азығы бар. 839,6 мың тонна шөп, 55,2 мың тонна пішендеме, 199,7 мың тонна сабан, 117,8 мың тонна сүрлем және 190,8 мың тонна жемдік астық сақталуда. Мал қыстауын толық азықпен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда. 

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: 
zh-shugylasy.kz