Жетісу облысының құрметті қыз-келіншектер қауымы! 

Уақыты: 08.03.2024
Оқылды: 420
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

«Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Жандары нәзік болса да өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қыз-келіншектер жетіп артылады. Әрқайсының жетістігі мен абыройы Жетісу облысының ғана емес, тәуелсіз еліміздің нығаюына қосқан өлшеусіз үлесі болып есептеледі. Жалпы, әйел заты бала тәрбиесінен бөлек қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келетіні баршамызға мәлім. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! 
Құрметті асыл аналар, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпкелер, сіздердің жайма-шуақ көктеммен бірге келген төл мерекелеріңіз құтты, қайырлы болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт тілеймін! Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!

Айбек МҰРАТБЕКҰЛЫ, 
облыстық мәслихат депутаты, 
«Ауыл» партиясының төрағасы
Фото: bolashaq.edu.kz