Жетісу университетінде Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Уақыты: 09.04.2024
Оқылды: 337
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «XXI ҒАСЫР: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Ғылыми-практикалық конференция  отырысын ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Алефтина Бахтаулова ашты. Ол өз сөзінде Қаныш Сәтбаев есімі   әлемге  танымал көрнекті қазақ ғалымы  екенін атап өтті.«Академик Қ.Сәтбаев ғылымның көптеген саласы бойынша энциклопедиялық білімі бар, ой-өрісі кең тұлға. Ол қазақ қоғамын ағартушылықтан, зияткерлік ғылыми және кәсіби деңгейге көтере білді, инновациялық және ғылыми әлеуеттің негізін қалады, - деді А.Бахтаулова.

Пленарлық отырыста АҚШ-тың Эль Пасодағы Техас университеті, Италияның Камерино университеті, Ресейдің Смоленск мемлекеттік университеті ғалымдарының баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, Астана қаласындағы  С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, С. Демирель  атындағы университет және І. Жансүгіров атындағы  Жетісу университеті сияқты  отандық ғалымдар баяндама жасады.

Ғылыми-практикалық конференция «Заманауи жаратылыстану-ғылыми білім және оның даму перспективасы», «Ғылым, техника және ақпараттық технологиялардың дамуы», «Құқық, экономика және басқару саласындағы өзекті ғылыми зерттеулер» тақырыптарындағы секциялық отырыспен жалғасты.

Конференция аясында  «Абзал адам, ғұлама ғалым» атты кітап ұйымдастырылды. Онда Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметі, еңбектері жайлы  монографиялар, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар, т.б  жинақтары қойылды.

Сондай-ақ «Жас Ғалым» және «Жетісу Стартап» байқауларының қорытындысы бойынша жас ғалымдардың көрмесі өтті. Онда 30-ға жуық ғылыми әзірлемелер мен инновациялық жобалар көрсетілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі