ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ

Уақыты: 18.03.2021
Оқылды: 1156
Бөлім: РУХАНИЯТ

“Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ. Ал осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу – бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің еншілерінде”. Н.НАЗАРБАЕВ

Білім беру жүйесіндегі жаңа технологияның, соның ішінде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың алатын орны ерекше. Ал осы жаңа ақпараттық технологияны сабаққа пайдалану, оқушыларға тың дүниелерді үйрету, жаңашылдыққа бағыттау – әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды білім саласында кеңінен пайдалана отырып, оқушыларды білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылдыру білім саласында қызмет етіп жүрген ұстаз қауымының басты міндеттерінің бірі. Осы тұрғыда өзім ағылшын тілі пәні мұғалімі болғандықтан, жаңа ақпараттық технологияны әрбір сабақ тақырыбына кеңінен пайдаланамын. Себебі, Қазақстан Республикасының халықаралық тілі – ағылшын тілі болғандықтан, жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өте өзекті болып барады. Өйткені, дәл бүгінгідей боймен емес, оймен жарысатын заманда ғылымды, жаңа ақпараттық технологияны меңгермей жан-жақты дамыған мемлекеттер қатарынан ойып орын алу еш мүмкін емес.

Ағылшын тілін үйрену барысында оқушы жаңа технологияларды қолданып жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, оқушының тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, тілдік компетенцияны дамытып, өзге тілдегі мәтіндерді түсініп, ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде беріп, лингвистикалық білім көлемін арттырып, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімін жетілдіріп, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге деген қабілетін дамытады.

Ағылшын тілі пәнінде жаңа ақпараттық технология негіздерін ұстана отырып, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін білімді де білікті жеке тұлғаны тәрбиелеу бізге үлкен жауапкрешілік жүктейді. Сондықтан да, жаңа ақпараттық технологияның ұстазға да, оқушыға да берер пайдасы зор.

Жансая БАЙҒОЖА,

Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі №2 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан