МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА БАЛА НЕНІ МЕҢГЕРІП ШЫҒАДЫ? МҰҒАЛІМ МІНБЕРІ

Уақыты: 18.04.2021
Оқылды: 2581
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазіргі таңда ұстаздар алдына сапалы білім беру талабы қойылуда. Ал оқушылардың сапалы білімге қадам басуы мектепалды даярлық сыныптарындағы оқытуға тікелей байланысты. Өйткені, мектепалды даярлық – білім берудің алғашқы баспалдағы болып саналады.

Мектепалды даярлық тобында баланың жеке тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыру, оқу еңбегіне дағдыландыру, оқу мен санауды меңгерту, әріп пен санның құрамын ұғындыру талап етіледі. Бұл ретте оқушымен жеке жұмыс жүргізудің, кейбір балаларға арнайы түзету шараларын ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушының ойын арқылы оқу әрекетін дамытудың да берері мол.

Ойын түрлерін пайдалану арқылы көптеген нәтижеге жетуге болады. «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» демекші, балдырғандар танымына сай оқу мен ойын әрекеттерін үйлестіре білсек, ұтарымыз көп.

Бүгінгі уақыт талабына сай жаңа технологияларды да қолдана отырып, балаларды жалықтырмайтындай сабақтар өткізсек, білімге деген қызығушылығын арттыра түсеміз. Демек, мектепке жаңа қадам басқан баланың даярлық сыныбындағы оқу-тәрбие әрекетін дұрыс ұйымдастыра білсек, болашағына жарқын жол ашамыз. Ендеше, жас ұрпақтың сапалы білім алу жолында ізденуден жалықпайық дегім келеді.

Бифатима БОРАНТАЕВА,

М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының даярлық сынып мұғалімі

Талдықорған қаласы,

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан