ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ АРҚЫЛЫ БАТЫЛ, ЖІГЕРЛІ, НАМЫСШЫЛ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙМІЗ

Уақыты: 31.05.2021
Оқылды: 2173
Бөлім: РУХАНИЯТ

«Денісаудың – жаны сау» деп білетін данагөй халқымыз денсаулықты басты байлыққа теңеп жатады. Өйткені, адам үшін деннің саулығы – қалыпты, бақытты өмір сүрудің басты шарты.

Адамды денсаулыққа жетелейтін денешынықтыру, спорттық жаттығулар екендігі белгілі. Ал баланы жастайынан дене тәрбиесіне баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бастайтын – дене шынықтыру пәні екені сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда дене шынықтыру пәнінің маңызы жоғары, арқалайтын жүгі де көп.

Дене шынықтыру пәнінің мақсаты – жас ұрпаққа тек дене шынықтыру жаттығуларын үйретіп, соған дағдыландырып қана қоймай, оның заңдылықтарын да түсіндіру. Жаттығулардың, спорттық ойындардың адамға қандай пайдасы бар екенін ұғындыру.Табиғаттың да адам ағзасына күш беретінін, күн, су, ауаның нәрімен  жас өскіннің бойына қуат құйылатынын жеткізу. Таза ауада көп серуендеп, жаттығу жасау адамның денесін ғана емес, ой-санасын шыңдап, рухани жігер беретінін сезіндіру. Ал жүгіру, секіру арқылы қан айналымы жақсарып, адамның еңбек етуге деген қабілеттілігі артады.

Үнемі спортпен шұғылданатын, денсаулығы мықты адам түрлі ауруға да бой бермейді. Бүгінгі әлемді жайлаған індет кезінде де көпшіліктің сақтанып, оңашада спорттық жаттығулар жасап, серуендеп, жаяу жүргені абзал. Сонда ғана індеттің алдын алып, онымен күресе аламыз.

Қазіргі таңда еліміз бойынша көпшілікті бұқаралық спортқа баулып, әсіресе, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Өйткені, дене тәрбиесі – ертеңгі алаңсыз өміріміздің, қамсыз қарттығымыздың кепілі. Дене шынықтыру пәні арқылы қай істен де қорықпайтын, батыл, жігерлі, мінезді, намысшыл, болашақта елі мен жерін қорғайтын жас ұрпақты тәрбиелеп шығарымыз анық.

Қазбек ИСҚАҚ,

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы,

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан