ҚУҒЫН-СҮРГІН: САҒАБҮЙЕН АУЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІМДЕР ҮЙІНДЕ 90 БАЛА АШТАН ӨЛГЕН

Уақыты: 31.05.2021
Оқылды: 1754
Бөлім: РУХАНИЯТ

Сағабүйен ауылындағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке округ әкімі Ыдырыс Ғазизұлы, ауыл имамы, ақсақалдары барып, гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. Бұл туралы "Жетісу" газеті Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Ақсу жерінде күніне жүздеген адам ашаршылықтан өлгені жайлы деректер аз емес. Оның бір айғағы - Сағабүйен ауылында жетімдер үйінде оқыған 90 бала аштан өлгендігі, белсенділер олардың сүйегін өзеннің жарқабағына әкеліп төккендігі.

Аталған ескерткіш сол жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, мәңгілік сапардан қайтпаған жандарға арналып тұрғызылған. Жиналғандар ескерткіш алдында жазықсыз балаларды бір минут үнсіздікпен еске алып, қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"