АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ІЛІНДІ

Уақыты: 11.12.2021
Оқылды: 1171
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облысындағы көпқабатты тұрғынүйлерге Тәуелсіздік күніне орай Мемлекеттік Ту ілінді. Бұл туралы "Жетісу медиа" хабарлады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында аймақтағы барлық елді мекендерде "Терезедегі Ту" және "Менің Туым - менің Қазақстаным!" атты науқан бастау алды. Аталған шара 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне дейін жалғасын табады.

Аталған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бұқараның патриоттық сезімін арттыру, Мемлекеттік рәміздердің құндылығын дәріптеу мақсатында өткізілуде.

Айта кетейік, қазақстандықтар аталмыш бастаманы оң қабылдауда. Көпшілік әлеуметтік желілерде Ту ілінгенін көрсететін бейнежазбаларды және суреттерді белсенді түрде бөлісуде.

Шараның алғашқы күні 40 шақты флешмоб өткізілді. Сонымен қатар, акция шеңберінде 100-ден астам үйде Мемлекеттік Ту ілініп, Гимн мен патриоттық әндер шырқалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"