Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізетінін хабарлады

Уақыты: 14.02.2024
Оқылды: 429
Бөлім: РУХАНИЯТ

Танымал әнші Құдайберген өзінің фанаттарына қуанышты жаңалығын жеткізді. Ол мамыр айында Ыстанбұлда жеке концертін өткізбек.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті достар! Биыл 24 мамырда «Stranger» сапарының аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында менің жеке концертім өтеді. Мен шығармашылықты жаны сүйетін, мейрімді жандармен бірге ән саламыз деген ойдамын»,-деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.