ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ: КІМДЕР ӨТЕДІ, ТАЛАП ҚАНДАЙ?

Уақыты: 21.08.2021
Оқылды: 1045
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды.

Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы №580 Жарлығындағы талаптарға сәйкес іріктеуге жасы 35 жастан аспаған, білімі жоғары, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар және мемлекеттік тілді білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.

Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығына сәйкес және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.

Бірнеше жүйелі кезеңдерден өтуі керек үміткерлер, біріншіден, күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін танытуы; екіншіден, ситуациялық тапсырмаларды шешуі; үшіншіден, құзыреттерді бағалауы; төртіншіден, Сарапшылық комиссияда әңгімелесуден өтуі; алтыншыдан, ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысына қатысуы тиіс. Кезеңдер онлайн режимде өтеді.

Құжаттарды қабылдау биылғы 1 қыркүйектен бастап арнайы әзірленген www.pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті