АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ БАҒЫТТАҒЫ АВТОЖОЛДАРДА ҚОЗҒАЛЫС ШЕКТЕЛДІ

Уақыты: 13.02.2022
Оқылды: 1151
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында бірнеше бағыттағы автожолдарда қозғалыс шектелді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Кешкі сағат 18:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, жолдың анық көрінбеуі) республикалық және облыстық маңызы бар "Алматы-Өскемен" (588-615 шақырымы), "Үшарал-Достық" (84-184 шақырымы), "Қапал-Арасан" (0 мен 45 шақырымы), Қапал ауылына кіреберіс (1-16 шақырымы) автожолдары барлық көлік түрлері үшін жабық.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департементі азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"