ІТ САЛАСЫНДА ТОП ЖАРҒАН СТУДЕНТТЕРГЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Уақыты: 06.10.2022
Оқылды: 1052
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекеттік корпорация Smart Start бағдарламасы аясында ақылы тағылымдамадан өткен үмкіткерлерді іріктеп алды.

Назарбаев университеті, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, AITU, ХАТУ, ҚБТУ және басқа да оқу орындарының IT саласындағы 120-дан астам студентінің арасынан 10 кандидат таңдалды.

Байқауға 125 үміткер қатысуға өтініш берді, олардың 10-ы іріктеуден сәтті өтіп, үздік нәтиже көрсетті.

Іріктеу үш кезеңнен тұрды: мотивациялы эссені бағалау, қабілет бойынша тестіден өту және сараптама комиссиясымен сұхбаттасу. Бізді болашақ мамандардың жоғары дайындық деңгейі мен талаптары таңқалдырды. Олардың бойындағы білімге деген құштарлық пен Қазақстан азаматтарының өмірін жақсартуға деген ниеті өте жоғары деңгейде.

Тағылымдама нәтижесі негізінде жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"