САҚТАНЫҢЫЗ! АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА ЖЕР СІЛКІНУІ МҮМКІН

Уақыты: 15.03.2023
Оқылды: 623
Бөлім: КҮНДЕРЕК

20 наурызға дейін Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінуі мүмкін.

Бұл туралы Жетісу обылысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сейсмология институтының болжамдық комиссиясының мәліметінше, сейсмикалық параметрлерді, гидрогеологиялық және гидрогеохимиялық мәліметтерді біріктіруде ауытқулар пайда болғаны байқалған.

Ретроспектив талдау қысқа мерзімді сейсмикалық жағдайдың дамуын көрсетеді, яғни жер сілкінісінің ықтималдығы бар (энергетикалық класс — 11, сезілу мүмкіндігі — 3-4 балл). Жер сілкінісі қаупі 2023 жылғы 20 наурызға дейін сақталады, — делінген Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Игорь Жуковтың қолы қойылған құжатта.

Жер сілкінісі Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы солтүстік-батыс Қалқан станциясында, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қастек Түрген желісінде және Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы аймағында болуы мүмкін. Осыған байланысты Жетісу облысының аумағында азаматтық қорғаудың аумақтық мемлекеттік жүйесінің жоғары дабыл режимін енгізу және іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету талап етіледі.

Жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің салалық ішкі жүйелерінің өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дайындығын қамтамасыз етуге тиіс, — делінген құжатта.

Материал: baribar.kz сайтынан алынды

Фото: көрнекілік