ТАЛҚЫ. 2 АҚПАН - ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ МЕРЕКЕСІ БОЛЫП БЕКТІЛУІ МҮМКІН

Уақыты: 16.03.2023
Оқылды: 1043
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2 ақпан - Ұлттық басылым күні мерекесі болып бектілуі мүмкін. Бұл ұсыныс Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған

Алдағы уақытта қоғам талқысына түсетін құжатқа сәйкес түсіндірме де берілген. 

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні, 2021 жылдан бастап 1 қазан – радио қызметкерлері күні деп белгіленді. Бұл дәстүр БАҚ-тың маңызын көрсете отырып, осы саладағы қызметкерлерді ынталандыра түседі. Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдерде дәстүрге айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор, - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Осылайша сала қызметкерлерін ынталандыруды мақсат еткен мерекені ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева ұсынған.

Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ